USD
USD
USD

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде туристерге жағдай жасалады

«Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ шектеулі шаруашылық аумағындағы ұлттық парктің аумақтарын ұзақ мерзімді пайдалануға рұқсат алу және аймақтағы туристік-рекреациялық нысандарға әлеуетті қатысушылар үшін тендерлерді дайындауға және тендерге қатысуға конкурстық құжаттама таныстырылды. 

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде туристерге жағдай жасалады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жиынға қоғамдық кеңес мүшелері мен министрлік өкілдері қатысты. 

Алдағы уақытта «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде келушілер орталығы, яғни, визит-центр ашылу жоспарланған. Одан бөлек, глэмпинг, кемпинг, караванинг, аттракционды зиплайн секілді туристік инфрақұрылымды дамытуға арналған нысандар бой көтереді. Этноауыл жобасы да назардан тыс қалмаған. Тіпті, балалар алаңқайы мен көшпелі азық-түлік нысаны да келушілерге қызмет етеді. Қонақ үй мен ресторан салынып, шарын өзенін кесіп өтетін көпір құрылысы жүзеге аспақ. 

Ұлттық парктің жалпы аумағы 127 050 гектар. Парк аумағында бой көтеретін нысандардың дені экологиялық өнімдерден жасалады. Мәселен, визит-центрдің қабырғасы толықтай ағаштан құралады. 

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян