USD
USD
USD

Шарын шатқалы маңында туристер мінген автобус аударылды

2024 жылдың 27 мамырында сағат 10:20-да Алматы облысы, Кеген ауданының Еңбекшіқазақ ауданымен шекаралас аумағында туристер мінген автобус жол апатына ұшырады, деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Алдын ала ақпарат бойынша, автобус «Қазавтожол» желісіне жататын «Аласа» асуындағы күрделі жол бұрылысында жолдан шығып кеткен. Оқиға орнына дереу Кеген ауданынан екі жедел жәрдем бригадасы шықты.

Автобуста 37 адам болған. Кеген аудандық ауруханасына 5 адам, Жалағаш аудандық ауруханасына 4 адам, Шелек ауылына 4 адам жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығы дәрігерлердің бақылауында.

Жол апатынан қаза тапқандар жоқ.

Қазіргі таңда жол апатына қатысты тергеу жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян