USD
USD
USD

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

БАӘ-нің Шарджа қаласында екі қазақ қызы қаза тапты. Сыртқы істер министрлігі олардың қазасын растады. Ал марқұмдардың әпкесі редакциямызға іс бойынша күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

.
Фото: NEGE

Астана, NEGE. СІМ баспасөз қызметінің берген жауабына сәйкес, Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы қаза тапқан азаматтардың отбасыларына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Сондай-ақ дипломаттар құжаттарды рәсімдеуге көмектесіп, оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша БАӘ-нің құзырлы органдарымен байланыста.

«Жергілікті билік органдары болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр және тергеу мүддесіне байланысты ақпаратты жарияламайды. СІМ қаза тапқандардың отбасыларымен байланыста және өз құзыреті шеңберінде қажетті көмек көрсетуде», – делінген министрлік жауабында.

Әзірге екі қыздың қандай жағдайда қаза тапқаны ресми түрде жарияланған жоқ. Министрлік тергеуге қатысты басқа мәліметтерді де ашып айтпады.

Ал қаза тапқан қыздардың әпкесі әлеуметтік желіде осы іс бойынша күдіктінің ұсталғанын жазды. Оның сөзінше, күдікті де Қазақстан азаматы болуы мүмкін.

Алайда күдіктінің ұсталғаны және оның Қазақстан азаматы екені туралы ақпаратты СІМ әзірге ресми түрде растаған жоқ. Оқиғаның мән-жайын БАӘ-нің жергілікті органдары анықтап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова