USD
USD
USD

Шардара су қоймасын шөгінділерден тазарту жұмыстары басталды

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Шардара су қоймасының түбін тазартуға кірісті, деп хабарлады Экология министрлігі. 

Шардара су қоймасын шөгінділерден тазарту жұмыстары басталды
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Айта кететіні, су қоймасы 1966 жылы салынған және көлемі бойынша елімізде үшінші орында.

Шардара су қоймасының соңғы батиметриялық түсірілімі (тереңдіктегі бірдей сызықтар туралы деректерді жинау процесі) 1977 жылы жүргізілген, сол кезеңдерде су қоймасының көлемі 5,2 млрд.м3 құраған екен. Уақыт өте келе су қоймасының түбі біртіндеп шөгінділерге толып, су қоймасының көлемінің өзгеруіне әкеліп соққан (соңғы 55 жылда шөгінді тұнбасының көлемі шамамен 20%).

Жаңа батиметриялық түсірілім су қоймасының нақты көлемін анықтау үшін жүргізілді. Бүгінгі таңда зерттеу жұмыстары басталды, су қоймасының түбінен сынақ материалдары алынды, олар шөгінділердің арақатынасын анықтау үшін зертханаға жіберілді.

Ал шөгінділерді өңдеп, материал ретінде кәдеге жарату жаңа технологияларды қажет етеді.

Айта кету керек, мұндай жұмыстар біздің елімізде алғаш рет жүргізілуде, бұл оңтүстік өңірлердегі су тапшылығын жою үшін жаңа серпін болмақ.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты