USD
USD
USD

Шар қаласындағы жаппай төбелеске қатысты тергеу басталды

  Шығыс Қазақстан облысы Шар қаласындағы жаппай төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Шар қаласындағы жаппай төбелеске қатысты тергеу басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кеше кешкі уақытта әлеуметтік желілерде Шар шаһарындағы көшелердің бірінде бір топ жігіттің жаппай төбелесіп жатқандығы туралы видео тарап кетті. Онда ерегескен ер адамдардың бір-біріне атылып, былапыт сөздер айтқандары көрініс берген. ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерекке қатысты түсінік берді. «Аталған факті бойынша 23 қарашада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігіне (бір топ адам жасаған бұзақылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Соның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Әзірге ешкімнен дене жарақаты туралы арыз-шағым түскен жоқ. Қылмыстық істің тергелуі және оқиғаның барлық мән-жайының анықталуы департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты

Кран