USD
USD
USD

«Шапағат» орталығында қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті

Көрме «Шапағат» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының сүйемелдеуімен ұйымдастырылды.

«Шапағат» орталығында қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Ерекше күтімді қажет ететін азаматтар осы көрмеде 1 ай ішінде қолымен жасаған бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды Shymkentaqparat.

Көрмеде көпшілктің көзайымына айналған жұмыстар көп болды. Мәселен, 55 жастағы Гүлжан Үсіпбекова өзі тоқыған жейделері мен бас киімдерімен ерекше көзге түсті. Ал Әлия Унасова оюмен өрнектелген ұлттық нақыштағы киімдерін ұсынды.

– Қазақ қолөнері – басты қазынамыздың бірі. Өзіме ұлтық нақыштағы киімдер тігіп, әшекей тастармен безендіргенді ұнатамын. Бұл іске жан-тәніммен кіріскендіктен уақыттың қалай зымырап өткенін де байқамай қаламын, – дейді Ә.Уанасова.

Сонымен бірге орталықта қызмет алушылар төсек-жабдық тігу, қағаздан бұйымдар жасап, моншақтан әр түрлі кескіндер мен естелік заттар жасауды үйреніп келген. Айта кетсек, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының дерегі бойынша Шымкентте қазіргі таңда тіркелген 37 046 мүмкіндігі шектеулі азамат бар.

Қазір оқып жатыр

Қадырбек Шынбаев Азиадада аралас жекпе-жектен Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды

Қадырбек Шынбаев

Qarmet өндірісті жаңғыртып жатыр: жаңа коксты батареялар мен сортты прокат кешені қашан іске қосылады?

Qarmet

Қазақстанда жергілікті полиция қызметіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді

ұрлық

Бапи, Мусин, Мүтәліп: Қазақстан Халық кеңесі құрамына кімдер кірді?

Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Шахмұрат Мүтәліп