USD
USD
USD

«SHANYRAQ» ОРТАЛЫҒЫ – ИГІ ІСТЕРДІҢ БАСТАМАШЫСЫ

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев «SHANYRAQ» орталығының жұмысымен танысты.

«SHANYRAQ» ОРТАЛЫҒЫ – ИГІ ІСТЕРДІҢ БАСТАМАШЫСЫ
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Ашылғанына небәрі бір жыл болған орталық қаладағы осал топтардың әлеуметтік картасын дайындауда елеулі істер атқарып келеді.

Әлеуметтік мәселелер жөнінде қаланың төрт ауданымен тығыз байланыс орнатқан орталықта жас аналармен бірге әжелер және жалғызілікті әкелердің де мектебі жолға қойылған.

Орталық меңгерушісі Абибулла Қалымбеттің сөзінше, орталықта азаматтар күнделікті бір рет бас қосып, өзін мазалап жүрген мәселелерді ортаға салады. Себебі орталықта психологиялық, әлеуметтік және құқықтық кеңес беру қызметі ақысыз жүргізіледі.

Тіпті мұнда бала асырап алу жөнінде кеңес алумен мен өзге кәсіп игеруге және жұмыспен қамту тұрғысынан да жәрдем алуға мүмкіндік бар.

Бір жыл ішінде 9 859 азамат орталықта психологиялық, құқықтық, АӘК-ке құжат тапсыру, үй кезегіне тұру бойынша кеңес алған.

Бұдан өзге, көпбалалы және науқас бала күтіміндегі 143 ана тігін, массаж, СММ курстары мен кондитерлік шеберлік сағатына қатысып, қазір өз кәсібін дөңгелетіп отыр.

– Ажырасу – қоғамның ең үлкен мәселенің бірі. Күйзеліске ұшыраған ата-аналар психологиялық көмекке зәру. Ал толық емес отбасыда өскен баланың келешекте қоғамға сіңісуі, адамдармен тіл табысуы қиынға соғады. Жасқаншақ болған балалардың өздері де тұрақсыз әрі депрессияға жақын келеді. Осы мәселенің алдын алу үшін «SHANYRAQ» орталығы ашылып, игі істер атқарылуда. Алдағы уақатты сіздермен етене жақын жұмыс істейтін боламыз,-деді Рашид Мамытұлы.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком