USD
USD
USD

«Шаңырақ» тұрғын үй бағдарламасының арқасында 15 937 пәтер салынды – ҚР ИИДМ

«Шаңырақ» тұрғын үй бағдарламасының жүзеге асырылуы нәтижесінде 15 937 пәтер салынды. Оның ішінде 2020 жылы — 9678, 2021 жылы 6259 пәтер, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

«Шаңырақ» тұрғын үй бағдарламасының арқасында 15 937 пәтер салынды – ҚР ИИДМ
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. «Жергілікті атқарушы органдардың несиелік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруы үшін Ұлттық банк 180 млрд теңге көлемінде облигациялық қарыз берді. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушыларды несиелендіру бойынша «Отбасы банкі» 210 млрд теңге көлемінде қаражат бөлді. Биылғы жылдың 10 наурыздағы жағдай бойынша банк жалпы сомасы 189,6 млрд теңгеге 15 222 несие берген. Сонымен бірге 47,4 млрд теңгеге 3587 өтінім мақұлданды»,-делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасының жүзеге асырылу барысы ҚР Үкіметінің тұрақты бақылауында. Жалпы «Шаңырақ» пилоттық жобасын жүзеге асыруға 390 млрд теңге қаражат бөлінген.

Қазір оқып жатыр

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet