USD
USD
USD

Шаңырақ шатағы: Соңғы сотталушы бостандыққа шықты

16 жылға сотталған Құрманғазы Өтегенов бүгін таңертең Қостанай түрмесінен шықты. Бұл туралы «Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы» хабарлады.

Шаңырақ шатағы: Соңғы сотталушы бостандыққа шықты
Фото: NEGE.kz

Қ.Өтегенов. Фото: bureau.kz

2006 жылы шіліңгір шілдеде Алматының іргесіндегі Шаңырақ ықшамауданында шаңырағын қорғаған халық бас көтерді. Ол кезде Алматының әкімі Иманғали Тасмағамбетов еді. Әкімнің бұйрығымен полиция халыққа қарсы күш қолданды, ал халық қорғанды. Соның салдарынан бір полицей қаза тауып, бірнеше адам ұзақ жылға сотталды.

Коллаж: kz.expert

Қ.Өтегенов – «полицейді өлтірді, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деп айыпталған төртеудің бірі.

Естеріңізге сала кетейік, дәл осындай айыппен ұзақ жыл түрмеде отырған Арон Атабек өткен жылы денсаулығына байланысты түрмеден мерзімінен бұрын босаған. Алайда ол көп ұзамай көз жұмды. Ал Рүстем Тұяқов пен Ерғанат Тараншиев 2018 жылы түрмеден шыққан.

Фото: ғаламтордан

Бюроның хабарлауынша, Қ.Өтегенов 2020 жылы мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берген, алайда өтініші сотқа жеткен жоқ. Сол себепті Өтегенов сот кескен 16 жыл жазаны толық өтеп шықты.

Қазір оқып жатыр

Қатардың бұрынғы әмірі қайтыс болды: Тоқаев көңіл айтты

.

Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты

.

FIFA әлем чемпионатының финалы өтетін алаңның көгалын бөлшектеп сатуға кірісті

.

Астанадан Дубайға ұшқан рейс кері қайтарылды

Air Astana