USD
USD
USD

«Шаңырақ» орталығынан қолдау тауып кәсібін ашты

Шымкент тұрғыны Еркінай Көшкінбаева - 5 баланың анасы. Оның екеуі мүмкіндігі шектеулі.

«Шаңырақ» орталығынан қолдау тауып кәсібін ашты
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Еркінайдың өмірлік жолдасы да жазатайым оқиғадан соң жұмысқа жарамсыз болып қалған. Денсаулығы жоқ, баланың күтімі мен жұмыссыздық еңсесін түсірген көпбалалы ана «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығына келіп, психологиялық кеңес алып тұрды. Нәтижесінде күйзелістен шығып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп жүр.

Еркінай «Шаңырақ» орталығында өз кәсібін ашып, оны дамыту бойынша мамандардан кеңес алды. Үйде отырған көпбалалы ана құрақ көрпе тігіп, кесте салып, өз туындыларын сатып, өз кәсібін жүргізе бастады.

Шебер күні кеше өткен «КөрпеFEST-2021 – «Ата кәсібі - бала нәсібі» атты республикалық жобаға қатысып, жүлделі орындардың бірін иеленді. Енді ол Нұр-сұлтан қаласында өзінің туындыларын көрсететін болады.

Айта кету керек, Еркінайдың жолдасы да жұмысқа орналасқан. Денсаулығында кінәраты бар балалары «Шаңырақ» орталығындағы «сазбалшық терапиясы» үйірмесіне қатысып жүр.

Қиындықты еңсере білген Еркінайдың ендігі мақсаты болашақта өзін әлі де жетілдіріп, кәсібін дамытып, балаларының бар жағдайын жасау.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

күдікті

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

.

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

.

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.