USD
USD
USD

Шаңырақ ісі бойынша сотталған Арон Атабек ауруханаға түсті

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина ақын Арон Атабек ауруханаға түсіп қалғанын айтты. 

Шаңырақ ісі бойынша сотталған Арон Атабек ауруханаға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құқық қорғаушы Елена Семенованың айтуынша, Арон Атабек бір апта бұрын ауруханаға түскен. Қазір ем қабылдап жатыр.

– Ол бұған дейін емделуге үзілді-кесілді қарсы болып келген. Оған «ауруханаға жатпасаңыз, сал боласыз, өмір бойы арбаға таңыласыз» деп қатаңырақ ескерткенмін. «Тым болмағанда, аяқ-қолға қарапайым массаж жасату үшін барыңыз» дегенмін. Қазір сәл кішкене қозғалыс бар сияқты. Толық тексеруден өтіп жатыр. Негізінен витаминдер қабылдайды. Тексеруден өтіп, анализдерін тапсырғаннан кейін қандай да бір ем көрсететін шығар, – деді Елена Семенова.

Семенованың айтуынша, ақын толық тексеріліп болған соң қайта түзету мекемесіне оралады.

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті мен Павлодар облысындағы АП-162/1 түзету мекемесінің басшысы ешқандай түсініктеме бермеді.

Еске салсақ, 2006 жылы «Шаңырақ» оқиғасынан кейін Арон Атабек 18 жылға сотталды. Ол мерзімінің көп бөлігін, 15 жылын өтеп болған. Жазда Қазақстанда Ұлттық алдын алу тетігі (ҰААТ) қатысушылары Арон Атабекке түрмеге барып, оның денсаулығы нашарлағанын айтты.

Айта кетсек, жақында 2500 адам Атабекті рақымшылықпен босату үшін қол жинап, оны Тоқаевқа жолдаған. Әзірге биліктегілер еш жауап қатпаған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы