USD
USD
USD

«Шаңырақ» бағдарламасымен өтінімдер қабылдануда

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй кезегіндегі азаматтар үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» бағыты арқылы несиелік баспананы тікелей сату конкурсына өтінімдер қабылдануда.

«Шаңырақ» бағдарламасымен өтінімдер қабылдануда
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. «Шаңырақ» бағдарламасы арқылы тікелей сатылым Отбасы банктің жаңа порталы «baspana.otbasybank.кz» сайтында осы жылдың 13 тамыз күні сағат 10:00-ден бастап 23 тамыз сағат 23:00 аралығында өткізіледі. Өтініштер тек тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардан қабылданады.

Аталған бағыт бойынша азамттарға қойылатын басты талаптар:

1. Тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,7 еселенген мөлшерінен аспайтын (2021 жылға-126 917 теңге), отбасының әрбір мүшесіне соңғы 6 ай үшін Еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен табыстың болуы;

2. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде тіркелу.

Аталған бағыт бойынша алғашқы жарна үй құнының 10%, несие 5% беріледі. Баспана құнының 1 шаршы метрі 200 000 теңгені құрайды.

Айта кету керек, аталған бағыт бойынша биыл «Отбасы банк» өзінің интернет ресурстары арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар арасында 27 тұрғын үйді сату бойынша 3 кезеңмен өтінімдер қабылдаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Полиция полковнигі Данияр Мейірхан сталкинг бойынша күдікке ілінген

Данияр Мейірхан

«15 мың төлеймін, бірақ интернет жоқ»: депутат интернет сапасына шағымданды

үй интенет

Kaspi.kz Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды

.

Іздеуде жүрген төрт қазақстандық ҰҚК арнайы жасағының конвойымен елге жеткізілді

Күдіктілер