USD
USD
USD

«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша келісімшарттарды рәсімдеу басталды

«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша Тұран шағын ауданындағы кредиттік тұрғын үйлердің 1 және 2-кезеңдегі конкурсына қатысқан азаматтармен сатып алу туралы келісімшарттарды рәсімдеу жұмыстары басталды.

«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша келісімшарттарды рәсімдеу басталды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. 1 және 2-кезең бойынша конкурстан өтіп мақұлданған 568 азаматтың сатып алу келісімшарты дайын, оның ішінде қазір 70 азамат келісімшарт түзіп, тіркеу жұмыстарын жүргізуде. Аталған несиелік бағыттағы пәтерлер толығымен тұрғын үй басқармасының теңгеріміне тіркелген.

Азаматтар сатып алу келісімшартын рәсімдегеннен кейін осы жылға әлеуметтік көмек ретінде берілетін тұрғын үй сертификатын алу талаптарына сай келген жағдайда, ипотекалық қарыз шартын беруді мақұлдау туралы банктің хабарлама хатын ұсынып, өтінім беру мүмкіндігі бар.

Нәтижесінде Шымкент қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» бағытымен тұрғын үй кезегінде тұрған 1728 азамат несиелік баспанаға қол жеткізеді.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам