Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шаңғышы Николай Чеботьконың өліміне қатысты дерек шықты

Жол апатынан қайтыс болған шаңғышы Николай Чеботьконың өліміне қатысты дерек шықты,

Шаңғышы Николай Чеботьконың өліміне қатысты дерек шықты
Фото: NEGE.kz

 деп хабарлайды Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «24 қаңтарда сағат 1.20-да Бурабай курорт аймағында жол-көлік оқиғасы болды деген хабарлама түсті. Полиция қызметкерлері «Көкшетау-Бурабай» тасжолының 8 шақырымында Mercedes Benz 500G көлігінің 38 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, ағашқа соқтығысқаннан сол жерде қайтыс болғанын анықтады», – деді полиция өкілдері.

Полиция өкілдері көлікте болған 1984 жылғы жолаушы түрлі дене жарақатын алып, «жабық ми жарақатымен» аудандық ауруханаға жеткізілгенін атап өтті. Жолаушының айтуынша, олар «Үлкен Шабақтыдан» балық аулап келе жатқан.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі іс ашылды, сот-медициналық сараптама тағайындалды және тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық шаңғышы, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько қайтыс болғаны белгілі болды.  

Қазір оқып жатыр

Қарағанды облысындағы дала өртінен екі адам зардап шекті

Қарағанды облысы

Бір күнде 14 айыппұл: Алматы облысында жүргізушілер дабыл қағып жатыр

Автобан

Мемлекет БАҚ пен блогерлердің аккаунттарын бұғаттауға мүдделі емес – Аида Балаева

Аида Балаева

Мәскеу облысында Wildberries-тің ірі қоймасы өртке оранды

Вайлдберрис