USD
USD
USD

Шалқар тұрғынының үйінен заңсыз сақталған қару-жарақ табылды

Шалқар тұрғынының үйінен заңсыз сақталған қару-жарақ табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шалқар тұрғынының үйінен заңсыз сақталған қару-жарақ табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 3 қазанда Шалқар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 26 жастағы жергілікті тұрғынның үйінен қару-жарақ тауып, тәркіледі. Атап айтқанда, жас жігіт жазғы сарайында 16 калибрлі қос ұңғылы мылтық пен дара ұңғылы шолақ мылтық, сондай-ақ 7 патрон сақтаған. Ол полиция қызметкерлеріне қос ұңғылы мылтықты біраз уақыт бұрын тауып алғанын айтса, екінші қарудың марқұм атасынан қалғанын жеткізген.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тәркіленген қару-жарақтарға қажетті сараптамалар тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала