USD
USD
USD

Шалғайдағы шағынаудандарды сапалы электр қуатымен қамту үшін 8 станция іске қосылды

Сайлауалды бағдарламасы аясында әзірленген «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Жол картасының бесінші бағыты Шымкент қаласындағы шалғай елді мекендерді көркейту.

Шалғайдағы шағынаудандарды сапалы электр қуатымен қамту үшін 8 станция іске қосылды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Мәселен, шалғай орналасқан шағынаудандарды сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға дейін 8 қосалқы электр станция іске қосылады. Биылғы жылы оның үшеуі іске қосылса, оның біреуі тамыз айында шаһардың солтүстік бөлігін сапалы электр қуатымен қамтитын «Бозарық» қосалқы станциясы пайдалануға берілген болатын.

Бұдан бөлек, 12 елдімекенге ауыз су құбыры тартылады. Осылайша, ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жеткізіледі. Осы жылдар ішінде қала тұрғындары толығымен көгілдір отынға қосылса, сағатына 250 мың метр кубты құрайтын автоматтандырылған газ тарату стансасы осы жылдың қазан айының соңында іске қосылады.

Сонымен бірге қалада 84,4 шақырым болатын кәріз жүйесі салынады. Осылайша бес жылда кәрізбен қамту көрсеткішін 65 пайызға жеткізу көзделуде.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек