USD
USD
USD

Шалғайдағы ауылда спорт кешені салынып жатыр

Түпқараған ауданына қарасты Баутин ауылында спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. 

Шалғайдағы ауылда спорт кешені салынып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, спорт кешені «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жергілікті бюджет қаражатына салынуда. Сыйымдылығы 100 орынға шақталған спорт кешенінің құрылыс жұмысы сәуір айында басталды. Кешен 2022 жылдың І тоқсанында пайдалануға беріледі.

«Баутин ауылы мен Аташ елді мекеніне ортақ спорт кешенін мердігер «Оңдасын Құрылыс» ЖШС қолға алды. Онда 10 спорт түрі бойынша үйірмелер жұмыс жасайды. Дегенмен оның санын 20-ға жеткізу жоспарлануда. Үйірме қатарында футбол, волейбол, баскетбол, дзюдо, қазақша күрес, бокс, қол күресі, бес тас, асық ату, тоғызқұмалақ ойындары бар. Ауыл жастары тегін жаттыға алады. Бұл тұрғындар үшін үлкен қуаныш болары сөзсіз», - деді Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғалиева.

Қазір оқып жатыр

Өнеркәсіптен креативті экономикаға дейін: «Әділет» партиясының штабы Атыраудың тұрғындарымен кездесті

.

Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады

.

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі

«Самұрық-Қазына»

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі