USD
USD
USD

Шалғай елді мекендерде тазалық жұмысы тұрақты жүргізіледі

Шымкент қаласы Абай ауданындағы орталық көшелер мен шалғай елді мекендерде көгалдандыру, жасыл желекті суару және тазалық жұмысы тұрақты жүргізілуде.

Шалғай елді мекендерде тазалық жұмысы тұрақты жүргізіледі
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Қазіргі таңда ағаштарды біріңғай формаға келтіру және жасыл желектерді (легустраларды) қырқу жұмыстары Арғынбеков, Өтегенов, Рысқұлов, Момышұлы және Темірлан тас жолы секілді негізгі көшелерде атқарылып отыр.

Аудандағы жасыл желекке жауапты «Build strip» мердігер мекемесі. Мердігер атқарған жұмыстың сапасын аудан әкімдігі бақылауға алып, мамандар тарапынан қадағаланып отыр.

Ауданның шалғай елді мекендерінің тазалығына «ЛТД-Тұрмыс» мекемесі жауапты. Мекеменің 45 коммуналдық қызметкері мен 6 техникасы аптасына бір рет тазалық жұмысын жүргізеді.

Олар Жаңаталап, Игілік, Қызылжар, Көкұлақ, Тәуелсіздікке-20 жыл және Алтынтөбе тұрғын алаптарындағы көше бойлары мен темір жол жағасын қоқыстан арылтады.

Сонымен қатар, ауданда санитарлық-тазалық жұмыстарын жандандыру және тұрғындар тазалыққа белсене атсалысуы үшін сенбіліктер ұйымдастырылып келеді.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек