USD
USD
USD

Шәкір Кейкин Атырау әкімі қызметінен кетті

Шәкір Кейкин Атырау қаласы әкімі қызметінен босатылды.

Шәкір Кейкин
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Атырау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол қызметінен өз еркімен кеткен.

Шәкір Кейкин Атырау қаласын 2023 жылғы шілде айынан беріп басқарып келді. Оған дейін Сауда және интеграция министрлігі Сауда департаментінің басшысы қызметін атқарған.

Еске салсақ, биыл 30 мамырда Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасов ұсталғанын жазған едік. Іс материалдарында 40 миллион теңге көлеміндегі сома және екінші күдікті ретінде «Қалалық тұрғын үйлерді коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС бас директорының орынбасары Бейбіт Мағзұмовтың көрсетілгені мәлім болды.

2 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері қала әкімі Шәкір Кейкинді облыс әкімдігі ғимаратынан жиналыс басталар алдында алып кеткен. Шенеунік қылмыстық іс аясында жауап алуға жеткізілген. Жауап алынған соң Шәкір Кейкин үйіне жіберілген.

Ал шілдеде әлеуметтік желіде Атырау қаласы әкімінің орынбасары Тілек Махуовтың 100 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Желідегі ақпаратқа сәйкес, қомақты қаражат «Атырау қаласының кәріз жүйелерін күрделі жөндеу» жобасын іске асыруға мүдделі компанияның пайдасына шешім шығару, яғни жобаға өзгерістер енгізуге ықпал ету үшін берілген. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Махуовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын растады.

Шәкір Кейкиннің қызметтен кетуіне бұл істердің қатысы бар-жоғы әзірге белгісіз.

Қазір оқып жатыр

Ермұрат Бәпи: «Мені сатқын деуге ешкімнің хақысы жоқ»

Decaf

«Таза Қазақстан»: «Әділет» партиясы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Менеджер

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Оқиға орны