USD
USD
USD

Шәкен Айманов түсірген фильмдер Youtube желісіне жүктелді

«Қазақфильм» киностудиясы қазақ киносының саңлағы, КСРО халық артисі Шәкен Аймановтың актерлік және режиссерлік жұмыстарын YouTube желісіндегі өзінің ресми арнасына жүктеді.

Шәкен Айманов түсірген фильмдер Youtube желісіне жүктелді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шәкен Айманов кино әлеміне 1938 жылы келді. Дәл сол жылы ол қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі «Амангелді» картинасының эпизодтында төбе көрсетті. Одан кейін актер «Райхан», «Ақ раушан», «Абай әндері», «Алтын мүйіз», «Жамбыл», «Біз осында тұрамыз», «Біздің сүйікті дәрігер», «Бір ауданда», «Алдар-көсе» және «Қиылыс» фильмдеріне түскен.

Ал 1954 жылы Айманов режиссер ретінде өзінің алғашқы фильмін түсірді. Шығармашылық жолында 11 көркем туындыны көрерменге ұсынды. «Дала қызы», «Махаббат туралы дастан», «Біз осында тұрамыз», «Біздің сүйікті дәрігер», «Бір ауданда», «Ән шақырады», «Қиылыс», «Алдар көсе», «Атамекен», «Тақиялы періште» және «Атаманның ақыры» атты фильмдер қазақ киносының алтын қорына енді. Енді бұл картиналарды «Қазақфильм» киностудиясының youtube желісіндегі арнасынан көруге болады.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

аурухана

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Қытай

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

ERG

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

Кенші