Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шай өсіру саласы дағдарысқа ұшырады

  Коронавирус пандемиясы Үндістан экономикасына орасан зиян келтірді. Елдің Жалпы ішкі өнімі 25%-ке қысқарды.

Шай өсіру саласы дағдарысқа ұшырады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әсіресе дүниежүзіне әйгілі шай өсіру саласы ауыр дағдарысты бастан кешіп отыр. Биыл шай өндірісі екі есе азайды.  Өткен жылы Үндістан шай импортының көлемі бойынша әлемде көш бастап тұрса, биыл тіпті үштікке ілігетін түрі жоқ. Бүгінде осы нарықта алғы орынға Қытай шықты. Сарапшылардың пікірінше, Үндістан алдағы бірнеше жылда өз есесін қайтаратын түрі жоқ. Қазір шай жинаудың қызып тұрған кезі. Алайда Қытай, Кения және Шри Ланкада жұмысшылар егіс жинап жүрсе, Үндістанда шай алқаптары қаңырап, жапырақтары қурап жатыр. 

Жыл басынан бері бағасы 80%-ке өсті. Бүгінде үнді шайының бір келісі 4 доллар 9 цент тұрады. Бұл – 1960 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Тікелей бәсекелестері Шри Ланкада бір жылда шай небәрі 5%-ке қымбаттады, ал Кенияда тіпті арзандап кетті. Өйткені бұл елдер алғашқы өнім жинауды жіберіп алған жоқ, ал екінші өнімін барлық қауіпсіздік шараларын сақтап жинаған. 

Шай жапырақтарын жинаудың өз ерекшелігі бар. Егер бірінші өнім жиналмай қалса, екіншісінің жапырақтары тым үлкен болып өсіп кетеді. Ал, бұл сапасын төмендетеді. Экономистер алдағы айларда әлем нарығында шай бағасы едәуір қымбаттайтынына сенімді. Ал Үндістан алдағы үш жылда ең ірі шай өндіруші 3 елдің қатарына кірмейтін түрі бар. Қытаймен қатар оларды Түркия мен Кения озып кетеді. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда қалай заңды жұмысқа орналаса алады?

Сеул

Назарбаев туралы мардымды монография жоқ – тарихшы

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция

Temu Венгрияда сатып алушыларға психологиялық қысым көрсеткені үшін айыпталды

Temu