USD
USD
USD

Шахтинскіде газ жарылысы: күдікті ұсталып, іс қозғалды

Шахтинск қаласында болған газ жарылысына байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды.

шахтинс
Фото: istockphoto.com

Астана, NEGE. Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде газ-ауа қоспасының жарылысыны қатысты жаңа деректер жарияланды. Аталған өрт фактісі бойынша бөтеннің мүлкін қасақана жоюға әкеп соққан әрекет ретінде қылмыстық іс қозғалып, 40 жастағы күдікті қолға түсті. 

Полиция департаментінің ақпарынша, қазіргі уақытта ол Шахтинск қалалық ауруханасының арнайы палатасына жатқызылып, күзетке алынды.

«Сауығып шыққаннан кейін ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынады», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында көпқабатты үйде газ баллоны жарылып, салдарынан 8 адам зардап шеккен. Оның бесеуі – полиция қызметкері. 

Қазір оқып жатыр

Ыстамбұлда жеті қабатты ғимараттың үшінші қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Ыстамұлда опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп