USD
USD
USD

Шахтинск қаласында жас спортшыны пышақтап кетті

Кеше түнде Шахтинск қаласында жас жігіт пышақтап кетті.

Шахтинск қаласында жас спортшыны пышақтап кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. patriotkaragandy ресурсының хабарлауынша, марқұм 24 жастағы спортшы болып шықты. Түнде жергілікті тұрғындар айқай-шуды, атылған оқ үнін, ұрыс-керісті естіген.

– Бүгін, 20 тамызда, түнгі сағат 01.00-де 24 жастағы қала тұрғыны пышақ жарақатымен Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Ол есін жимастан қайтыс болды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы , "Кісі өлтіру" бойынша тергеу басталды, - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай