USD
USD
USD

Шахтинск қаласында карантин режимі күшейді

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында карантиндік шаралар күшейтіледі. Қала бойынша бес блок-бекет орнатылады.

Шахтинск қаласында карантин режимі күшейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Карантиннің қатаң шарттары Шахтинск қаласында 12 сәуір күні сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді. Тұрғындарға жеке автокөлік қолдануға, қалаға кіріп-шығуға тыйым салынады. Сондай-ақ таксиден басқа қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады. Бұл ретте таксистерде ресми тіркеу және көліктерінде арнаулы белгі мен жеке қорғану құралдары болуы тиіс. Күн сайын таңертең оларды медицина қызметкерлері температураның бар-жоғына мұқият тексереді.

Автомобильдер да дезинфекциялаудан өтеді. Оны сапардан кейін сағат сайын жасау керек. Жолаушыларды тек бір адамнан тасымалдауға рұқсат етіледі. Баласы болса жананда алып жүруге болады. Жолаушыға арналған орын - жүргізушінің жаны.

"Шахтинск қаласында вирус жұқтырғандардың көрсеткіші 10 мың тұрғынға шаққанда бір жағдайдан асты. Онда барлығы жеті жағдай тіркелген. Сондықтан онда бірыңғай карантиндік аймақ енгізіледі", - деп хабарлады Қарағанды облысының санитарлық дәрігерлері.

Сондай-ақ, аймақта ломбард пен айырбастау пункттерінің қызметі тоқтай тұрады. Волонтерлікке арнайы киім мен ерекшеленетін белгі болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Қазір оқып жатыр

Астанадағы фельдшер қазасы: прокурор МИБ басшысының 2 жылға бас бостандығын шектеуді сұрады

прокурор Саяжан Серікова

Мәслихат депутаттары қайта сайланады: Тоқаев Жарлыққа қол қоятынын айтты

Қазақстан Халық Кеңесі

Тоқаев: Қандай да бір тілге қарсы күресу – Жаратқанға қарсы шығумен тең

Қасым-Жомарт Тоқаев

Алматыда түнде ҚазҰУ кешеніндегі Студенттер сарайының төбесі опырылып түсті

Төбесі опырылып түскен студенттер сарайы