USD
USD
USD

Шахтинск қаласында әскери қызметшінің өлі денесі табылды

Шахтиск қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісінің мәйіті табылды. Әскери өзіне-өзі қол жұмсаған, деп хабарлайды Kazinform.

Сарбаз
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға 13 қазанда болған. Келісімшарт бойынша қызмет етіп жатқан әскери қызметшінің денесін өзі тұрып жатқан пәтерден тапқан. Ол белдікке буынып қалған.

Бұл оқиға қатысты ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады.

«2024 жылдың 13 қазанында Шахтинск қаласында қызметтен тыс уақытта өзі тұрып жатқан пәтерден келісім шарт бойынша әскери қызметшінің денесі табылды. Болжамды ақпарат бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзіне-өзі қол жұмсаған. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады», — делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті