USD
USD
USD

«Шахтер» футбол клубының бас бапкері ауысты

Ресейлік маман Магомед Адиев қарағандылық «Шахтер» командасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды.

«Шахтер» футбол клубының бас бапкері ауысты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Шахтер» футбол клубы мәлім еткеніндей, 43 жастағы маман «Нижний Новгород», «Ахмат» (Грозный), «Анжи» (Махачкала), «Чайка» (Песчанокопское) сияқты командаларда жұмыс істеген.

Футболшы ретінде ЦСКА (Мәскеу), «Анжи», «Сокол» (Саратов), «Жеңіс» (Нұр-Сұлтан), «Терек» (қазір «Ахмат»), «Кривбасс» (Кривой Рог) және «Нижний Новгород» клубтарында доп тепкен.

Ресей олимпиадалық құрамасы сапында төрт матч өткізіп, екі гол соқты.

2004 жылы «Теректің» құрамында Ресей кубогын иеленді.

Сондай-ақ екі мәрте (2004, 2007) Ресей чемпионаты бірінші дивизионының жеңімпазы атанды. М.Адиев «Шахтерде» Али Алиевті алмастырды. 

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент