USD
USD
USD

Шахтадағы жарылысқа «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының шетелдік директорлары да кінәлі

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 3-ші қарашада Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада бес кеншінің өмірін қиған апаттың себебін​ айтты.

Шахтадағы жарылысқа «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының шетелдік директорлары да кінәлі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин күдіктілер тізімінде 26 адамның бар екенін, оның ішінде «АрселорМиттал Теміртау» бас директоры Биджу Наир мен AMT көмір департаментінің директоры Гельсон Батиста бар екенін айтты.

Сонымен қатар, бұған инженерлік қауіпсіздікті қамтамасыз етпеген кеніштегі жұмыстың тікелей жетекшілері де кінәлі. 

Қайғылы оқиға қарашаның 3-іне қараған түні болды. Шахтинскідегі «АрселорМиттал Теміртау» кенішіндегі жарылыс салдарынан 5 қазақстандық қаза тапты. Төртеуі ауруханаға жеткізілді.

«3 қарашада Ленин атындағы шахтада болған апат бұрын бұрғыланған дренаждық ұңғымалардан газ бен көмір шаңының көп мөлшерде шығуына байланысты кенеттен газдинамикалық құбылыс нәтижесінде пайда болды. Негізгі себеп – метанның шаңмен бірге көп мөлшерде шығуынан №79 пикет аймағындағы бұрғылау станогындағы бұрғылау штангасының металл бекіткіштерінің элементтеріне үйкелуі салдарынан ұшқын пайда болып, жарылыс орын алған», - деді министр.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық