2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Шахрат Нұрышев: Астанадағы саммит Қытай – Орталық Азия әріптестігін жаңа деңгейге көтереді

16-17 маусымда Астанада Қытай – Орталық Азия екінші саммиті өтеді. Бұл тарихи оқиға алғаш рет Орталық Азия аумағында ұйымдастырылып отыр. Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышевтің айтуынша, бұл басқосу аймақ елдері үшін стратегиялық тұрғыдан аса маңызды болмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шахрат Нұрышев
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. – 2023 жылы алғашқы саммит Қытайдың ежелгі Сиань қаласында өткен болатын. Бұл – Ұлы Жібек жолының бастауы саналатын символдық орын. Ал екінші саммиттің Астанада өтуі де терең мәнге ие. Астана бүгінде осы тарихи жолды жалғастырушы әрі аймақтық байланыстардың тоғысқан орталығына айналды, – деді елші.

Шахрат Нұрышевтің айтуынша, саммит барысында сауда, энергетика, көлік және логистика, цифрлық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері күн тәртібіне шығарылады. Бұл салаларда нақты жобаларды ілгерілету, жаңа келісімдерге қол жеткізу көзделіп отыр.

– Біз 2023 жылы 19 түрлі ынтымақтастық механизмін құрып, 50-ден астам бастаманы жүзеге асырдық. Енді сол жобалар жүйелі жалғасын тауып, практикалық нәтижелерін беруі қажет. Астанадағы саммит осы үдерістің негізгі катализаторына айналады, – деді елші.

Сонымен қатар ол Сиань қаласында құрылған Қытай – Орталық Азия форматындағы тұрақты хатшылықтың толыққанды жұмыс істеуі үшін бұл саммит маңызды шешімдер ала келетінін атап өтті. Елшінің пікірінше, болашақта осы формат аясында экономикалық, энергетикалық, көлік және мәдени-гуманитарлық серіктестік топтары құрылуы мүмкін.

– Бұл саммит аймақ елдерінің достығын, тату көршілік пен өзара сенімге негізделген стратегиялық әріптестікті нығайтуға нақты серпін береді, – деді Шахрат Нұрышев қытайлық “Жэньминь жибао” газетіне берген сұқбатында.

Қазір оқып жатыр

Каспий теңізінде суға кеткен екі сарбаздың денесі табылды: қаза болғандар саны 14-ке жетті

Каспий теңізіндегі іздестіру жұмысына қатысқан техникалар

Алматыда бұрын сотталғандар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 3 млн теңге бопсалаған

Күдіктілерді ұстау сәті

Қазақстан Халық кеңесі мүшелері қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына 815 млн теңге бермек

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Әскери қызметшілердің қазасы: 30-дан астам адамнан жауап алынды, күдіктілер бар

Адам ұрлау