USD
USD
USD

Шахматтан онлайн матч: Қазақстан Сингапурдан басым түсті

Қазақстан шахмат федерациясы 12, 14, 16, 18 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан мен Сингапур құрамалары арасында өткен онлайн матчта айқын басымдықпен жеңді. Бұл туралы федерацияның Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Шахматтан онлайн матч: Қазақстан Сингапурдан басым түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Матч 14:6 есебімен қазақстандықтардың пайдасына шешілді. Құрама сапында Қазақстанның 2020 жылғы чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері өнер көрсетті. Матч қорытындысы бойынша біздің жігіттер 11.5:8.5 (партиялар бойынша) және 5.5:4.5 (матч ұпайлары бойынша) есебімен басым түсті. Қазақстандық қыздар 15.5:4.5 (партиялар бойынша) және 8.5:1.5 (матч ұпайлары бойынша) есебімен жеңіске жетті.

Қыздар жасөспірім құрамасында Әмина Қайырбекова, Зейнеп Сұлтанбек, Сақыпжамал Бармағамбетова, Арайлым Әліпбек, Ксения Балабаева, Лия Құрманғалиева, Алуа Нұрманова, Аяулым Қалдарова, Зарина Нұрғалиева, Кализа Айжарық ойнады. Ал ерлер жасөспірім құрамасы қатарына Жандос Ағманов, Сұлтан Аманжол, Рамазан Жалмаханов, Алрами Алдабергенов, Қазыбек Нөгербек, Айтуар Жүкенов, Сатбек Ахметдинов, Тимур Кеңбейілов, Алдияр Аңсат, Даниял Сапенов кірді.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.