USD
USD
USD

Шахматтан әлем чемпионы Магнус Карлсен Алматыға келді

Шахматтан әлем чемпионатының фавориті Магнус Карлсенді әуежайдан жас шахматшы Дилайла Сәдуақасова қарсы алды, деп хабарлайды Шахмат федерациясы.

Шахматтан әлем чемпионы Магнус Карлсен Алматыға келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін Алматыға шахматтан әлем чемпионы Магнус Карлсен келді. Әуежайда оны жас жанкүйер – шахматшы Дилайла Сәдуақасова күтіп алды. Дилайла блиц бойынша Қазақстан Республикасының чемпионы, 2019 жылғы Карпова кубогының иегері, Халықаралық шахмат федерациясының FIDE сыйлығының иегері. Мұнымен қоса ол әлем чемпиондары туралы әңгімелейтін «Дилайламен шахмат хикаялары» атты бірегей мәдени-ағартушылық жобасын жасағаны үшін марапатталған. Қонақты қарсы алуға келген әйелдер арасында Дилайла жалғыз бала. Айта кетсек, FIDE 2022 жылды шахматтағы әйелдер жылы деп жариялаған болатын.

«Мен Магнус Карлсеннің мансабына қайран қаламын және оның чемпион ретінде қалыптасуына әкесі үлкен рөл атқарды деп ойлаймын. Мені де отбасым үнемі қолдайды, олардың қолдауынсыз жетістікке жетпес едім. Мен Магнустан ғана емес, оның әкесінен де қолтаңба алдым», - дейді тоғыз жасар Дилайла.

Еске салсақ, шахматтан әлем чемпионаты Алматыда 2022 жылдың 25-30 желтоқсанында өтеді. Әлемнің 50 елінің жетекші шахматшылары титулдар үшін таласады.

Турнирді ұйымдастырушылар – FIDE мен Қазақстан шахмат федерациясы. Турнир Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өтеді. Чемпионат Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізілмек. Жүлде қоры – $1 млн.

Ашық чемпионаттың фавориттерінің арасында қазіргі әлем чемпионы Магнус Карлсен (Норвегия, желтоқсандағы тізімде 2859 рейтинте), Хикару Накамура (АҚШ, 2768), Фабиано Каруана (АҚШ, 2766), Ян Непомнящий  (FIDE, 2793), Аниш Гири (Нидерланды, 2764), Александр Грищук (FIDE, 2745), Шахрияр Мамедьяров (Әзірбайжан, 2740), Ян-Кшиштоф Дуда (Польша, 2729), Юй Янъи (Қытай, 2728), қазіргі чемпион - Максим Вашье-Лаграв (Франция, 2737 - Блиц) бар. Сонымен қатар сайысқа басқа да көптеген көрнекті шахматшылар түседі.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес