USD
USD
USD

Шахматтан әлем чемпионатында қазақстандықтар 5 медаль жеңіп алды

  Шахматтан әлем чемпионатында қазақстандық жастар 5 медальды жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстан Шахмат федерациясы.

Шахматтан әлем чемпионатында қазақстандықтар 5 медаль жеңіп алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Грекиядан керемет жаңалық келді! 18 жасқа дейінгі жастар арасындағы рапидтен әлем чемпионы атанған ФИДЕ шебері Қазбек Нөгербек бұл жолы Қазақстан қоржынына блиц шахматтан алтын медаль салды. Блицтен 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатында 17 жастағы шахматшы, әйелдер арасындағы халықаралық шебер Назерке Нұрғали алтыннан алқа тақты. 14 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы жарыста күміс жүлде кеше рапидтен қола жүлдегер атанған Даниял Сәпеновке бұйырды» делінген хабарламада.

«Кадеттер арасындағы жылдам және өте жылдам шахматтан әлем біріншілігінде қазақстандықтар 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Біздің чемпиондарымызды, олардың жаттықтырушыларын, ата – аналарын және олардың табысты өнер көрсетуіне ықпал еткендерді құттықтаймын!» – деді қазақстандық шахмат федерациясының Атқарушы директоры Ануар Исмағамбетов.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur