USD
USD
USD

Шахматтан әлем чемпионаты: Оныншы партияда Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь тең түсті

Бүгін Астанада шахматтан 2023 жылғы әлем чемпионы атағы үшін матчтың 10-ойынында ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящий мен қытайлық шахматшы Дин Лижэнь тең ойынға қанағат білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шахматтан әлем чемпионаты: Оныншы партияда Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь тең түсті
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE.Елордада 7 сәуір - 1 мамыр аралығында Ян Непомнящий (ФИДЕ) мен қытайлық Дин Лижэнь әлем чемпионы атағына таласып жатыр.

Бүгін, 23 сәуірде өткен кездесуде қарсыластар тең нәтижеге қанағат білдірді. Осылайша жалпы есеп ресейлік шахматшы 5,5:4,5 есебімен алда келеді.

Енді ертең, 24 сәуірде он бірінші партия өткізіледі.

Регламентке сәйкес әлем чемпионы атағы үшін матч 14 партиядан құралған. Тең есеп тіркелген жағдайда 4 партиядан тұратын тай-брейк белгіленеді. Егер тай-брейкте де жеңімпаз анықталмаса, шахматшылар блицте шеберлік байқасады. Одан әрі «ақырғы партия» бар.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев жойқын жер сілкінісіне байланысты Венесуэла халқына көңіл айтты

Наурыз мейрамы

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ