USD
USD
USD

Шахматтан ҚР чемпиондары анықталды

Түркістанда шахматтан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпиондары анықталды, деп хабарлайды "Хабар-24".

Шахмат ойыны
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Ала тақта додасына еліміздің әр өңірінен 14, 16 және 18 жасқа дейінгі 400-ден астам ойыншы қатысты. Спортшылардың 130-ы – қыз, 274-і – ұл. Ойыншылар 10 күн бойы шахматтың классикалық, рапид және блиц түрінен бақ сынады.

Жас спортшылардың арасында әлемдік додаларда топ жарған шахматшылар да бар. Мамандар турнир тартысты өткенін айтады. Әсіресе бұрын шахматтан көзге түсе бермейтін өңірлердің жеңісімен ерекшеленді. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 5,5 млн теңге.

18 жасқа дейінгі қыздар арасында классикалық ойын түрінен астаналық Айару Алтынбек топ жарды. Екінші орын Ақмола облысынан келген Жанбота Қамаровға бұйырды. Жүлделі үшінші орынды қарағандылық Кристина Попандопуло еншіледі.

Ал ұлдар арасында астаналық Нұрлыхан Құдайберген мен Тимур Кеңбейілов 1, 2-ші орын өзара бөліссе, алматылық Ораш Шоназаров үшінші орынды иеленді.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаевтың ісі бойынша сот отырысы кейінге қалды

бокаев

Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Көңіл айту

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі