Шахматшы қыздары Азия чемпионатында 2 алтын, 2 күміс жеңіп алды
Қазақстанның шахматшы қыздары Азия чемпионатында 2 алтын, 2 күміс жеңіп алды.
Алматы, NEGE. 2021 жылдың 22-24 қазан аралығында шахматтан жастар арасындағы Азия чемпионаты-2021 онлайн режимінде өтті.
«Жарысқа 11 қазақстандық шахматшы қатысып, оның ішінде төрт қатысушы жүлделі орындарға ие болды. Әйелдер арасындағы ФИДЕ шебері Ксения Балабаева 16 және Елназ Қалиахмет 12 жасқа дейінгі санаттар бойынша Азия чемпионы атанды. Чемпионат жеңімпаздары Алтын сертификаттармен марапатталады», – делінген Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Федерация мәліметінше, 12 жасқа дейінгі қыздар арасында Нұрсұлу Оразалина Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанса, 10 жасқа дейінгілер арасында Айару Алтынбек екінші жүлдені жеңіп алды. Күміс жүлдегерлерге де Күміс сертификаттар табысталады.
Қазір оқып жатыр
Өнеркәсіптен креативті экономикаға дейін: «Әділет» партиясының штабы Атыраудың тұрғындарымен кездесті
Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады
«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі
Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды