USD
USD
USD

Шахматшы Бибісара Асаубаева әлем чемпионын жеңіп кетті

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Grand Swiss 2023 турнирінде қытайлық Тан Чжунъиді жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.

Шахматшы Бибісара Асаубаева әлем чемпионын жеңіп кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық шахматшы осы жеңісінен кейін 4,5/5 ұпай жинап, жарыста көш бастады.

Ал Тан Чжунъи – әйелдер арасындағы он алтыншы әлем чемпионы.

"Мен турнир кестесіне мән бермеуге тырысамын, өз білгенімше ойнаймын. Алайда бүгінгі ойын ерекше болды. Оның бірнеше жүрісінен кейін жағдайым қиындайды деп ойлап ем. Сондықтан "жақсы, осылай жүрсең, маған әрі қарай не болатынын көрсет" деп ойынымды жалғастыра бердім. Кейін жағдайым тәп-тәуір екенін ұқтым. Аз ғана уақыт қалғанда ғана ең үздік жүрісті іздеуге тырыстым", - деді Бибісара Асаубаева.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet

Павлодарда Президенттің ел болашағына қатысты кітабы сөз болды

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»