USD
USD
USD

Шахмат: ел құрамасы 3-орынға табан тіреді

Онлайн режимінде өтіп жатқан Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасының екінші күні қазақстандық шахматшылар үшін сәтті болды. Қазақстан құрамасы барлық үш кездесуде де жеңіске жетті, деп хабарлады Қазақстан шахмет федерациясы.

Шахмат: ел құрамасы 3-орынға табан тіреді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Төртінші турда Қазақстан құрамасының жас қатысушысы Рамазан Жалмаханов сенімді әрі әдемі ойын өрнегін көрсетіп, норвегиялық халықаралық шебер Хауга Йоханнеске мұндай жоғары деңгейдегі кездесуде өте сирек кездесетін мат қойды. Қазақстан-Норвегия матчы 4:2 есебімен қазақстандық шахматшылардың пайдасына шешілді», - делінген федерация хабарламасында. V турда Қазақстан құрамасы Франция құрамасынан 6:0 есебімен басым түсті. Жарыстың екінші күнінің соңғы, 6-турында Қазақстан құрамасы топ көшбасшысы саналған Әзербайжан құрамасын жеңді. Қазақстандық гроссмейстер Рустам Хуснутдинова пен әзербайжандық супер-гроссмейстер, 2019 жылғы әлем кубогының иегері Теймур Раджабанов арасындағы ойын тең аяқталды. Халықаралық гроссмейстер Гүлісхан Нахбаева мен халықаралық шебер Денис Махнев те әзербайжандық қарсыластарына қарсы тамаша ойын өрнегін көрсетті. Денис Махнев «Аэрофлот опен-2020» халықаралық турнирінің жеңімпазы, халықаралық шебер Айдин Сулейманалиден басым түсті. Нәтижесінде әзербайжандықтармен ойын 3,5:2,5 есебімен қазақсандықтардың пайдасына шешілді. Жарыстың екі күнінің қорытындысында Қазақстан құрамасы В тобында 3-орынға табан тіреді. Олимпиаданың топтық кезеңінің 6 турынан кейін біздің командада 4 ұпайдың 3,5-ін жинаған Денис Махнев пен Меруерт Қамалиденова үздік нәтиже көрсетті. Ал Гүлісхан Нахбаева 3 ұпайды үшеуін де жинай алды.

Қазір оқып жатыр

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Депутат

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Ай

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты

Көлік өртенді

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Пасха