USD
USD
USD

Шағын футболдан ӘЧ: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты

Шағын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Рас-әл-Хаймада (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңісті жолын жалғастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шағын футболдан ӘЧ: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жартылай финалға шығу үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Чехия құрамасын жеңді.

Бұл тартысты кездесудің тағдыры матчтан кейінгі пенальтиде шешілді. Қазақстан мен Чехия кездесуінің негізгі уақыты 3:3 есебімен тең аяқталды. Қазақстан құрамасы сапында Александр Кислицын, Бақтияр Жушнов және Асланбек Аршкенов гол соқты. Ал пенальтилер сериясында қазақстандықтар тағы бір гол соғып, 3:2 есебімен жеңіске жетіп, 2023 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Осылайша, қазақстандық футболшылар плей-офф кезеңінде екінші рет сенсация жасады. Бұған дейін Қазақстан қазіргі әлем чемпиондары Мексикадан басым түссе, енді әлемдік рейтингтегі үшінші команда – Чехияны жеңді.

Енді Қазақстан құрамасының әлем чемпионатының финалына шығуға мүмкіндігі бар. Ол үшін 3 қарашада біздің құрама Әзербайжан өкілдерін ұту керек. Румыния мен Венгрия 2023 жылғы әлем чемпионатының финалында екінші орын үшін таласады.

Шағын футболдан 2023 жылғы әлем чемпионы 4 қарашада анықталады.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet

Павлодарда Президенттің ел болашағына қатысты кітабы сөз болды

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»