USD
USD
USD

Шабуылдардан кейін Новороссийск портында қазақстандық мұнай қайта тиеле бастады

Ресейдің Қара теңіздегі негізгі мұнай порты – Новороссийскіде дрон шабуылынан кейін мұнай тиеу жұмыстары қайта жанданды.

мұнай
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Reuters агенттігі дереккөздерге сүйеніп хабарлауынша, портта Suezmax санатындағы танкерге қазақстандық KEBCO маркалы мұнай тиеле бастаған және ол дүйсенбіде порттан шығуы тиіс еді. Сейсенбіде тағы бір танкерге 80 мың тонна KEBCO мұнайы тиелмек.

Дронмен шабуылы әрекетінен кейін портта шикі мұнайды тиеу тоқтатылып, терминалға мұнай қабылдау да уақытша шектелді. Бұған мұнай сақтау резервуарларының толып қалуы себеп болған.

Айта кетейік, Новороссийск порты тәулігіне шамамен 700 мың баррель мұнайды өңдей алады. Мұнда Ресейдің Urals және Siberian Light маркалы мұнайы, сондай-ақ Қазақстанның KEBCO мұнайы тиеледі. Мұнай экспорттайтын негізгі нысаны саналатын «Шесхарис» терминалында мұнай тиеу жұмыстары іске асырылады. Портта, сондай-ақ, жанармай мен астық және басқа да түрлі жүктер тиеледі.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясына жасалған шабуылдар: СІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

СІМ ғимараты

Такси бағасы үш есе қымбаттаған: inDrive-ке ескерту жасалды

такси

«Бетіңді тіліп тастаймын»: Алматыда пышақ ұстаған балалар тұрғындарды қорқытқан

Пышақ ұстаған бала

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты