USD
USD
USD

«Шабыт» академиясында декан мен Меруерт Өтекешоваға қатысты дау шықты

«Шабыт» өнер академиясының айналасында даулы жағдай туындады. Әңгіме Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешова мен оқу орнының деканы Ернияз Бірімқұловқа қатысты болып отыр.

.
Фото: Видеодан үзінді/@mayabekbayeva

Астана, NEGE. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода студенттер екінші семестр басталғалы бері Меруерт Өтекешоваға қатысты «отказной» және «докладной» жазу жағдайлары болғанын айтты.

Студенттердің сөзінше, бұл іске оларды шеберхана деканы Ернияз Бірімқұлов араластырған. Олар деканның құжатты кімге және қалай жазу керектігін түсіндіріп, нақты бағыт бергенін алға тартты.

«Екінші семестр басталғалы бері Меруерт Өтекешова шеберханасында апайымызға қатысты “отказной” және “докладной” жазу жағдайлары орын алды. Сабақтан бөлек, студенттерді осы іске араластырған деканымыз Ернияз Бірімқұлов болды. Ол құжаттарды кімге және қалай жазу керектігі, “отказной” жазу тәртібі туралы нақты нұсқаулар берді. Бүгінгі емтихан кезінде де ұстазымызға және труппадағы қыздарға қатысты ауыр сөздер айтылып, психологиялық қысым көрсетілді. Біз мұндай жағдайға қарсымыз», – дейді студенттер.

Олардың айтуынша, декан студенттермен жеке кездесіп, жағдайды талқылап, «осылай істеңдер, былай жазыңдар» деп бағыт беріп отырған.

«Мұндай әрекеттер оқу процесіне, сабағымызға және апайымызбен қарым-қатынасымызға кері әсер етті», – делінген видеода.

Бұл жағдай қоғамда қызу талқыланып жатыр. Осыған байланысты продюсер Баян Алагөзова да пікір білдірді. Ол Instagram парақшасында ұстазға қатысты мұндай әрекетті ауыр қабылдағанын айтып, жағдайды сатқындыққа теңеді.

«Меруерт апа үшін жаным ауырып отыр. Бұл – ұстазға жасалған үлкен қиянат. Тіпті бұл іске басшылықтың ықпалы болды дегеннің өзінде, студенттердің де өз ұстанымы болуы керек еді», – деп жазды продюсер.

Ал Меруерт Өтекешова 4vlastinfo порталына берген пікірінде деканмен арадағы қарым-қатынасы туралы айтты.

«Жалпы біз деканмен 4 жыл бірге жұмыс істедік. Жас болғандықтан, ол әлі де үйренеді деп ойлаймын. Бала да емес, ер азамат қой. Осы баладан бірдеңе шығады деп сеніп, бірге жұмыс істедік. Бірақ бұл баланың маған деген көзқарасы өзгерген сияқты.

Мүмкін, ол менімен жұмыс істегісі келмейтін шығар, оны да білмеймін. Декан болғаннан кейін ол кафедраның бастығы ғой. Сондықтан жастарға ақыл айтып, оларды түсініп, дұрыс жолға бағыттауы керек. Ал қазір не істеп жүр – белгісіз. Мен ректорға да барып айттым: ол кісімен жұмыс істемеймін. Тағы бір мұғалім бар, ол кісімен де жұмыс істегім келмейді. Қашанға дейін мені сыйламайтын адаммен жұмыс істеймін? Ол менімен ақылдаспайды, өз білгенін істейді. Мені қабылдамайтын сияқты. Неге екенін түсінбеймін», – деді актриса.

«Шабыт» өнер академиясының өкілі мән-жайды сұраған NEGE тілшісіне аталған жағдайға байланысты ішкі тексеріс басталғанын мәлімдеді. Оқу орны өкілдерінің айтуынша, тексеру нәтижесі бойынша ресми ақпарат қосымша жарияланады.

Қазір оқып жатыр

Павлодар облысында Ан-2 ұшағы электр желісіне тиіп кетті: бір ұшқыш қаза тапты

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Құрбан айт

Путин Қазақстанға сыйға тартылған Амур жолбарыстары туралы айтты

Тоқаев, Путин

Арқалықта мектептің шатыры өртенді

.