USD
USD
USD

Сейсмикалық қауіпсіздік басқармасы немен айналысады?

Алматы қалалық әкімдігінде Сейсмикалық қауіпсіздік басқармасы құрылатын болды. Алматы қалалық мәслихаты бұл шешімді бекітті.

Алматы
Фото: ғаламтордан

Бұл басқарманың нақты немен айналысатыны әзірге белгісіз. Қалалық әкімдік таратқан хабарламада былай депті: «Азаматтық қорғаныс саласын тиімді реттеу, мобилизациялық дайындық және жайлы қала ортасын сапалы дамыту мақсатында Алматы әкімдігінде жаңадан екі басқарма құрылады».

Сейсмикалық қауіпсіздік басқармасының атқаратын міндеті не? Болжам ба? Ұйымдастыру ма? Құтқару ма?

Әкімдіктің мәлімдеуінше, бұл басқарманың негізгі бағыты – сейсмикалық қауіпсіздік жөніндегі стандарттарды сақтауды қамтамасыз ету, жер сілкінісі тәуекелдерін басқару, табиғи апаттар кезінде халықты негізгі дағдыларға үйрету, сондай-ақ ТЖ, полиция, қалалық қызмет департаменттері жұмысын үйлестіру, сейсмоқауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Алматы қалалық әкімдігі аппаратының жетекшісі Бейбіт Шаханов бұл басқарманың қажет екеніне сенімді.

Аппарат басшысы
Б.Шаханов. Фото: ғаламтордан

– Бұл басқарма сейсмоаудитті сапалы жүргізу, төтенше жағдайлар мен техногендік апаттарды зерттеудің бірыңғай жүйесін жасау, сондай-ақ азаматтық қорғаныс, мобилизациялық дайындық саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру мәселесін жүзеге асырады, – деді аппарат басшысы.

Жаңа басқарма жұмысын бастамай жатып-ақ сұрақ туындады: Бұл Төтенше жағдайлар министрлігінің «ауласына түсу», қызметін қайталау емес пе?

Қазір оқып жатыр

Қатардың бұрынғы әмірі қайтыс болды: Тоқаев көңіл айтты

.

Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты

.

FIFA әлем чемпионатының финалы өтетін алаңның көгалын бөлшектеп сатуға кірісті

.

Астанадан Дубайға ұшқан рейс кері қайтарылды

Air Astana