USD
USD
USD

Сеулдегі қайғылы оқиға кезінде ақтөбелік студент қыз қаза тапты

Сеулдегі трагедияға байланысты тәулік бойына жұмыс істеп жатқан Кореядағы ҚР елшілігінің бөлімі қаза тапқандар арасынан Қазақстан азаматының анықталғанын жеткізді.

Сеулдегі қайғылы оқиға кезінде ақтөбелік студент қыз қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сеул қаласының жедел штабы мен полициясының мәліметінше, Итэвон ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың арасында 1996 жылғы Ақтөбе облысының тумасы табылды. Ол Корея Республикасының жоғары оқу орындарының бірінің студенті болған.

- Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланысқа шығып, құжаттарды ресімдеуге және мәйітті Қазақстанға одан әрі жеткізуге барлық қажетті көмек көрсетуге дайын, - деді ҚР СІМ баспасөз қызметі

Айта кетсек, Сеулде көптеген ойын-сауық орындары орналасқан Итэвон аймағындағы тар көшемен жылжыған топ адамдар есінен танып, кейбірі аяқ астында қалып, таптап кеткен.

Қазір оқып жатыр

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков