31 Қазан 13:56
...

Сеулде қаза тапқан қыздың денесі ертең елге жеткізіледі

Фото:

Хэллоуинді тойлау мерекесінде қаза тапқан қазақстандық Мәдина Шерниязованың денесі ертең арнайы бортпен Қазақстанға жеткізіледі, деп хабарлады inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. 26 жастағы Мәдина Шерниязова Сеулде магистратурада білім алып жатқан. Анасының айтуынша, Мәдина өте талапты, алғыр қыз болған. 8 сыныптан бастап кәріс тілін өз бетінше оқып үйреніп, мектеп бітірген соң Қазан Федералды университетінің "Шығыстану" мамандығын (кәріс тілі) алып шыққан. 

Отбасында екі қыздың кенжесі. Ұстаздары да Мәдинаның өте алғыр, жақсы оқушы болатын деп еске алды.

"Мәдина - біздің мақтаулы оқушыларымыздың бірі. 2013 жылы мектеп-лицейді 4 пен 5 деген бағаларға аяқтады. Кореяда оқып жатқанын білетінбіз. Кеше естігенде, төбемізден жай түскендей болды. Өте өкінішті! Ата-анасына қайғырып көңіл айтамыз",- деді Ақтөбедегі 27 мектеп-лицей директорының орынбасары Алтынгүл Аткиева. 

Айта кету керек, бүгінгі таңда қаза тапқандар саны 154 адамға жетті, оның 26-сы шетелдіктер. Шетелдік 26 қаза тапқандардың ішінде 5-еуі Ираннан, төртеуі Қытай мен Ресейден, екеуі АҚШ-тан, екеуі Жапониядан. Басқалары Франция, Австралия, Норвегия, Австрия, Вьетнам, Таиланд, Қазақстан, Өзбекстан және Шри-Ланка азаматтары. 

Тегтер: