USD
USD
USD

Сеулде полиция наразылық білдірушілерді ұстады

Полиция Сеулде сот ғимаратына басып кірген 45 наразылық білдірушіні ұстады. Олар президент Юн Сок Ёльдің қамауға алу мерзімін ұзарту туралы шешімге қарсы шыққан, - деп хабарлады Yonhap агенттігі.

Сеул
Фото: Lee Jin-man / AP

Алматы, NEGE. Бұған дейін сот қоршауынан өтуге тырысқан 40 адам ұсталған болатын. Осылайша, жалпы саны 86 адам қамауға алынды. Оқиғаны тергеу және қатысушыларға қатысты шаралар қабылдау үшін арнайы тергеу тобы құрылды.

"Құқық қорғау органдары заң бұзғандарға қатысты "қатаң" әрекет ететіндерін мәлімдеді", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, қызметінен шеттетілген президентке қамауға алу ордері берілгеннен кейін, оның ашулы жақтастары сот ғимаратының терезелерін сындырып, ішке кірген болатын. Олардың кейбірі ғимаратты қоршаған полиция қызметкерлеріне пластикалық орындықтар, қоқыс және басқа да заттар лақтырған. БАҚ мәліметінше, полиция президент жақтастарының митингілері өткен аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүздеген қызметкерді жұмылдырған.

Сот тыңдаулары өткен ғимарат маңына шамамен 44 мың адам жиналды. Олар президенттің атын атап, Оңтүстік Корея мен АҚШ туларын желбіретті. Кейбір наразылық білдірушілер жыласа, басқалары полициямен қақтығысты.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер