USD
USD
USD

Сеул: Инфекция жұқтырушылар саны рекордтық деңгейге жетті

Сәрсенбіде Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші 2 мыңнан асты, ал ел астанасында мереке қарсаңында инфекция жұқтырушылар саны рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды YONHAP агенттігі.

Сеул: Инфекция жұқтырушылар саны рекордтық деңгейге жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кореяның Ауруды бақылау және алдын алу агенттігінің (KDCA) мәліметінше, елде COVID-19 жұқтырудың 2080 жағдайы тіркелген, ауруға шалдыққандардың жалпы саны 277989-ға артқан.

Елде COVID-19-дан тағы 13 адам қайтыс болды, өлім жағдайларының саны да 2380-ге жетті.

Ресми тұлғалардың айтуынша, сәрсенбі күні кешкі сағат 18.00 -ге дейінгі жағдай бойынша ел аумағында 1625 жаңа коронавирус жағдайы тіркелген, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 71 адамға көп.

Қазір оқып жатыр

Флорентино Перес Қайрат Боранбаевқа ерекше сыйлық жасады

Боранбаев

Астанада тұмау мен ЖРВИ жұқтырған 300-ден астам адам ауруханаға түсті

грип

Татьяна Ким Wildberries бас директоры қызметінен кетті

Вайлберрис

Словакияда адам ұрлады деген күдікпен төрт қазақстандық ұсталды

.