USD
USD
USD

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

27 шілдеде Астанада KAZENERGY қауымдастығы мүшелерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті. Жиында Болат Ақшолақовтың төраға ретіндегі өкілетін тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұған оның Атырау облысының әкімі болып тағайындалуы себеп болды.

Серікқали Брекешев
Фото: kmg.kz

Астана, NEGE. Қауымдастықтың жаңа төрағасы болып Серікқали Брекешев сайланды. Оның мұнай-газ саласында және мемлекеттік қызметте көп жылдық тәжірибесі бар.

Бұған дейін ол экология, геология және табиғи ресурстар министрі, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Болат Ақшолақов KAZENERGY қауымдастығын 2025 жылдың ақпанынан бері басқарды. Жиында осы кезеңде қауымдастықтың мемлекет пен бизнес арасындағы негізгі салалық алаңдардың бірі ретіндегі рөлі нығайғаны айтылды.

Елдегі жетекші энергетикалық компаниялардың басшылары Болат Ақшолақовқа бірлескен жұмысы мен KAZENERGY-ді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Олар оның кәсіби тәжірибесі мен саланы терең білуі Атырау облысын басқару кезінде де елдің мұнай-газ кешенін дамытуға үлес қосуына мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер