USD
USD
USD

Серік Жұманғарин Қазақстандағы ХВҚ миссиясының басшысы Әли Джавад Әл-Эйдпен кездесті

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Әли Джавад Әл-Эйдті 2025 жылғы 28 қаңтарда ХВҚ миссиясының басшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан ХВҚ-ның сараптамалық қорытындысы мен ұсынымдарын әрдайым жоғары бағалайтынын, бұл еліміздің экономикалық саясатын қалыптастыру мен маңызды стратегиялық шешімдер қабылдау үшін таптырмас ресурсқа айналғанын атап өтті.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Кездесуге қатысушылар құрылымдық реформаларды жүзеге асыру, салық-бюджет саясатын жетілдіру және ұлттық қаржы нарығын дамытуға бағытталған жобалардың оң нәтижелерін атап өтті.

Бұл жобаларды іске асыру барысында ХВҚ-ның тәжірибесі мен ұсынымдары ескерілгені айтылды.

Сондай-ақ 2021 жылдан бері Алматыда жұмыс істеп келе жатқан ХВҚ-ның Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия әлеуетін дамыту жөніндегі өңірлік орталығының өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі ерекше атап өтілді.

Қазір оқып жатыр

ММА-ден әлем чемпионы Зейнеп Оразхан допинг үшін алтынынан айырылып, үш жылға жарыстардан шеттетілді

Зейнеп Оразхан

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler