USD
USD
USD

Серік Шәпкенов Freedom Holding Corp. компаниясының бас директорымен кездесті

Тараптар бейнебақылау жүйелерін кеңейту перспективаларын, «Ақылды қала» жобасының құрамдастарын дамыту, сондай-ақ цифрландыру, заманауи технологияларды енгізу және әлеуметтік маңызды бастамаларды іске асырудағы алдағы ынтымақтастық жөнінде сөйлесті

Атырау облысы әкімдігі
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Тимур Турлов компанияның аймақпен ұзақ мерзімді әріптестікке дайын екенін айтып, бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылының маңызын, сондай-ақ Атырау облысының тұрақты және технологиялық даму әлеуеті жоғары екенін атап өтті.

Атырау облысы әкімдігі
Атырау облысы әкімдігі

Серік Шәпкенов Freedom Holding Corp. компаниясының былтырғы су тасқыны кезінде көрсеткен қолдауына алғыс білдіріп, бірлесе қызмет етудің маңызына тоқталды.

Кездесу соңында Атырау облысы әкімдігі, Freedom Holding Corp. және «Көркем Телеком» ЖШС арасындағы үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Атырау облысы әкімдігі
Атырау облысы әкімдігі

Меморандум және әлеуметтік инвестициялар аясында 23 мектепте спорт алаңын салу, сол нысандардағы қауіпсіздік деңгейін арттыруды көздейтін кешенді шараларды жүзеге асыру қарастырылған.

Атырау облысы әкімдігі
Атырау облысы әкімдігі

Тараптар алда бірлескен жобаларды пысықтауға келісті.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram