Серік Сапиев жаңа қызметке тағайындалды

Экс-боксер және спорт менеджері Серік Сапиев Қазақстанның Ұлттық Сурдлимпийлік комитетінің президенті болып сайланды.
Алматы, NEGE. 26 сәуір 2025 жылы өткен кезектен тыс конференцияда Сапиев комитеттің жаңа басшылығын таныстырып, алдағы жоспарларын жариялады. Ол өз Instagram парақшасында: «Бүгін Ұлттық Сурдлимпийлік комитеттің президенті ретінде жаңа құрамды таныстырдым және алдағы жоспарларымды белгіледім. Туризм және спорт министрлігіне, сондай-ақ бүгінгі іс-шараға қатысқан барлық ардагерлер мен спорт саласының өкілдеріне қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын! Сурдлимпийлер алға!» — деп жазды.
Серік Сапиев — 2005 (Мяньян) және 2007 (Чикаго) жылдары бокстан әлем чемпионы, 2012 жылы Лондонда өткен XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. 2024 жылдың қарашасынан бастап Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарып келеді. 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болған. 2017-2019 жылдары Мәжіліс депутаты болып, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды. Бұған дейін «Astana Arlans» клубын басқарды, сондай-ақ Қазақстан бокс федерациясының спорт директоры әрі жаттықтырушы-оқытушы қызметін атқарды.