USD
USD
USD

Серік Сәпиев тағы бір қызметке тағайындалды

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

.
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Жаңа қызметінде Серік Сәпиев бокс құрамаларының нәтижесін жақсарту, спорт түрін дамыту және Олимпиада ойындарында жоғары жетістікке жету бағытында еңбек етеді.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қаңтар күні бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары – самбодан әлем чемпионы Дәурен Есімханов арасында шыққан жанжал соңы төбелеске ұласып, салдарынан боксшы дене жарақатын алған.

Серік Сәпиев Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарған, ал Дәурен Есімханов оның орынбасары болған.

Көп ұзамай Сәпиев видеоүндеу жасап, Дәурен Есімхановпен арадағы жанжалдың себебін түсіндірді. Артынша Дәурен Есімханов та мәлімдеме жасады.

Аталмыш жағдайдан кейін Сәпиев те, оның орынбасары Есімханов та қызметінен кетті.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.