USD
USD
USD

Серік Кенжебаев ҚР Президенті Әкімшілігінің аппарат басшысы болып тағайындалды

Серік Кенжебаев Қазақстан Президенті Әкімшілігінің аппарат басшысы болып тағайындалды.

Серік Кенжебаев
Фото: Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Серік Кенжебаев 1971 жылы 22 маусымда Тараз қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша, 2005 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген.

Жылдар бойы жеке құрылымдарда жұмыс істеді. Ол сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алулар агенттігінің "Электрондық коммерция орталығы" мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы басшысының орынбасары болды.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Монополияға қарсы департаментінің бастығы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аппараты басшысының орынбасары (келісімшарттық қызмет), "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету дирекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін Қорғаныс министрінің орынбасары болып Қаныш Әбубәкіров тағайындалған болатын.

Қазір оқып жатыр

Алматы полициясы қоғамдық орында бетін тұмшалап жүргендерге ескерту жасады

бетін тұмшалау

Алматылықтар Розыбакиев көшесін Шахановтың атына өзгертуді сұрап петиция жариялады

Мұхтар Шаханов

Әскерден жалтарып жүргендерге уақытша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін

Сарбаздар, Қазақстан әскері

Жанабыловтар прокурормен келісімге келуге өтініш білдірді

блогерлер